Бітелген мұржалар салдарынан бір күнде 6 адам уланды

9 Наурыз 2023, 20:32
1135
Бөлісу:
Бітелген мұржалар салдарынан бір күнде 6 адам уланды

8 наурызда сағат 23:07-де Семей қаласының «101» пультіне жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен Цветочная көшесінде төрт баланың улы газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Ақпарат жинау барысында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзғандықтан түтін мұржасының тартылмауы себебінен 4 және 5 жастағы балалар улы газдан жеңіл дәрежеде уланғаны анықталды. Олар дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Сондай-ақ, 11 және 7 жастағы балалар улы газдан орташа дәрежеде уланып, дәрігерлер тексергеннен кейін Семей қаласының «Бүйрек орталығы» мекемесіне токсикология бөлімшесіне жатқызылды.

Бітелген мұржалар салдарынан бір күнде 6 адам уланды

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылғы 8 наурызда сағат 02:52-де Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның орталық ауруханасына Новоишимское ауылындағы аудан орталығының көппәтерлі тұрғын үйіндегі жалдамалы пәтерде тұратын 1976 жылы туған әйел және 1977 жылы туған ер адам жатқызылып, қажетті ем алды. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ауруханадан үйлеріне шығарылды.

Пәтерді тексеру кезінде жылыту пешінің мұржасы күйеге толы екендігі анықталды, нәтижесінде тартылу болмай, улы газ бөлмеге шыққан. Сондай-ақ, пеш пен мұржада жарықтар болған.

Осы факті бойынша тұрғын үй иесі айыппұл санкцияларын көздейтін ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кету керек, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша алдын алу жұмыстарын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері осы үйдің тұрғындарымен 2023 жылдың ақпан айында аулаларды аралау барысында жүргізген болатын, - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

2022 жылы СҚО елді мекендерінде 28 адам улы газдан уланған, ағымдағы жылдың басынан бері - 22 адамуланып, 1 адам қаза тапты.

Бітелген мұржалар салдарынан бір күнде 6 адам уланды

Улану мен адам өлімінің алдын алу мақсатында тұрғындарға пешті жылытуға және электр сымдары мен электр аспаптарының жарамдылығына ерекше назар аудара отырып, үйлерінің, пәтерлерінің өртке қарсы жағдайын тексеруді ұсынамыз. Егер қандай да бір кемшіліктер табылса, оларды дереу жою керек.

ТЖМ жеке тұрғын үй құрылыс иелерінен пештерді пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға болмайды;

- пеш қалауында жарықтардың болуы, бітелген мұржа қайғылы салдарға әкелуі мүмкін;

- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға болмайды;

- көмір жанып біткенше пеш жапқышын жаппау қажет;

- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы төсемшеге орналастырмаңыз;

- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептірмеңіз;

- күл мен қожға су құйып, қауіпсіз жерге шығару қажет;

Естеріңізде болсын, улы газ қауіпті, ол тез әрі білінбей әсер етеді, сондықтан адамның өмірі мен денсаулығы қабылданған шаралардың жылдамдығына байланысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Өзгелердің жаңалығы