Бішкекте қатарынан бес митинг өтті

2 Қараша 2020, 16:02
1522
Бөлісу:
Бішкекте қатарынан бес митинг өтті

Алматы, BAQ.KZ. Бішкекте үкімет ғимараты жанында бір сәтте бірнеше митинг қатар өтті. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды.

Алғашқы митингті энергетиктер ұйымдастырған. Олар бұрынғы басшысын жұмыстан заңсыз шығарып жіберді деп, өз наразылықтарын білдіруде. 

Екінші митингті жаңа басшыны қолдайтын энергетиктер ұйымдастырған.

Үшінші митингті «Дордой» базарының сатушылары ұйымдастырды. Олар шекараның жабылуына байланысты туындаған проблеманы шешуге әрекет жасауды талап етіп отыр. Айтуларынша, олардың тауарлары Қытаймен арадағы шекарада осымен үшінші ай тоқтап тұр. Салық пен кедендік жиынды төлегеніне қарамастан тауарды бермей жатқан көрінеді. 

Төртінші наразылық шарасын «Айымдар кыймылы» қозғалысының әйелдері өткізген. Олар заңсыздық пен саяси қуғындауға қарсылықтарын білдіруде. Сонымен қатар, жаңа үкімет құрамын өзгертуді талап етіп отыр. 

Ал, бесінші митингті өткізушілер кредитті кешіріп, Ұлттық Банктің төрағасы Толқунбек Абдығуловты отставкаға жіберуді талап еткен.

Өзгелердің жаңалығы