Бішкекте cел қатеріне байланысты ерекше режим енгізілді

18 Шілде 2024, 02:20
507
Бөлісу:
Бішкекте cел қатеріне байланысты ерекше режим енгізілді
Фото: bishkek.gov.kg

Қырғызстан астанасының басшысы Айбек Джунушалиев Бішкекке жақын орналасқан Ала-Арча шатқалын сел басу қаупіне байланысты дайындықтың жоғары режимін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бішкек әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 17 шілдеде астананы азаматтық қорғау бойынша штаб отырысы өткен. Онда төтенше жағдай қаупі мен орын алған кездегі басқару органдары, аймақтық жүйе күштері мен құралдарының дайындығы талқыланды.

Бішкек қаласындағы елдің ТЖМ басқарма төрағасының орынбасары Алтынбек Тухтаров Ала-Арча шатқалындағы, соның ішінде Адыгене көліндегі жағдай туралы баяндады.

Айтуынша, су басу қаупі бар нысандар зерттелген. Аталған көлде қазіргі уақытта қауіп жоқ. Алайда визуалды тексеріс жүргізілетінін алға тартты.

Адыгене көлінде қауіп жоқ болғанымен, шағын мұздақ көлдер қатердің бастауына айналуы мүмкін. Сел басу қаупінің шегі шамамен шілденің үшінші онкүндігі мен тамыздың басында басталуы ықиимал. Сол үшін жағдайды мониторингілеу мен тиісті жұмыс атқаруды тоқтатпаған дұрыс, - деді Бішкек басшысы.

Өзгелердің жаңалығы