Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкекте Қырғызстанның жаңа премьер-министрі Садыр Жапаров пен экс-президент Алмазбек Атамбаев, экс-премьер Омурбек Бабановтың жақтастары арасында қақтығыс болды.
РИА Новости ақпаратына сүйенсек, Бішкектің ескі алаңынан Ала-Тоо алаңына келген Жапаровтың бір топ жақтастары мінберде сөйлеп тұрған Атамбаевтың жақтастарына шабуыл жасаған. Олар тас пен бөтелке лақтырған. Сондай-ақ, мылтық дауысына ұқсас дыбыстар естілген.
Еске салайық, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік еткен еді.
7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті – Жогорку кенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.
Сайлау нәтижелерімен келіспеген демонстранттар Бішкекте Қырғызстан парламенті – Жогорку кенеш ғимараты мен Президент әкімшілігі қоршауынан секіріп кірмекке талпынды. Демонстранттар ғимарат ауласына бөтелке, тас лақтырды. Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі Ақ үйге басып кірумен аяқталған.