"Бишімбаевтың үкімін жеңілдетіп беремін" деген кісі 100 млн теңге сұраған

21 Маусым 2024, 15:19
709
Бөлісу:
"Бишімбаевтың үкімін жеңілдетіп беремін" деген кісі 100 млн теңге сұраған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті. Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, - деп хабарлады Антикор.

Айта кетейік, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы