Бишімбаевтың адвокаттары істі басқа судьяның қарағанын қалайды

Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов істі басқа судьяға тапсыруды талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 ogargy_sot 11 Сәуір 2024 2024, 11:13
11 Сәуір 2024 2024, 11:13
3064
Фото: ogargy_sot

Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов істі басқа судьяға тапсыруды талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғазымжанов кезекті іс материалдарын тіркеу жөнінде өтініш білдірді, бірақ судья оның қаралмайтынын айтты. Кейін сотталушының адвокаты судьядан бас тарту жөнінде өтініш жасауға шешім қабылдады.

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың адвокатына алқа билерді шатастырмауын сұрап, ескерту жасады.

Сот процесіне үзіліс жарияланды.

Бұған дейін судья Құлбаева Бишімбаевтың екі адвокатын сотқа кіргізбей қойған болатын. 

Наверх