Астана соты Бишімбаев пен Байжановтың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сот шешімімен үкім өзгеріссіз қалды. Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін 24 жылға, ал оның туысқаны Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бишімбаев пен Байжановқа қатысты 13 мамырдағы үкім өзгеріссіз қалдырылды, - деп мәлімдеді төрағалық етуші судья Шынар Ерғалиева.