Бишімбаев Нүкенованың телефонындағы жазбаларды өшіріп отырған – адвокат

4 Сәуір 2024, 11:28
6594
Бөлісу:
Бишімбаев Нүкенованың телефонындағы жазбаларды өшіріп отырған – адвокат
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бүгін сотта Бишімбаев пен Нүкенованың телефонындағы жазбалары тыңдалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың қазан айында Бишімбаев пен Нүкенова екеуі бір ажырасқан. Прокурор сол кезеңде екеуінің ұялы телефон арқылы қандай уақытта сөйлескенін, не деп жазысқанын туралы айтып берді. Ол уақытта Қуандық Бишімбаев Түркияда болған, ал Нүкенова жалға алған пәтерде тұрған. Хат-хабарлардың кейбірі жойылған.

Адвокат Жанна Оразбахованың Бишімбаев Салтанаттың телефонының құпия сөзін білген және кейбір фотосуретті өшіріп тастағанын айтты.

 Бишімбаев Салтанаттың телефонын оны ақтарып, кейбір деректі өшіріп жүрген. Мұны марқұм Салтанат пен оның ағасы арасындағы әңгімеден-ақ білуге болады. Бұған дейін Нүкенованың ағасы (еск - Айтбек Амангелді) сотта жауап берген кезде Салтанаттың "сенде сақталып тұрсын, мен өзімнен өшіремін" деп жазған хатын оқып берген болатын. Яғни, бұл жерде Салтанаттың телефонындағы құпиясөзді Бишімбаев білгендіктен ондағы ақпараттардан қорқып, Бишімбаев білмесін деген оймен бәрін өзі өшіріп отыратын болған, - дейді қорғаушы.

Айта кетейік, кеше Бишімбаев Нүкенованың қалай қайтыс болғанын айтып берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы