Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың қалай қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бишімбаевтың айтуынша, оқиға кезінде Байжанов Салтанаттың жағдайын сұрап, оған жедел жәрдем шақыруды ұсынған.
Көріпкелдің сөзі есіме түсті, кешке оянуы керек деп айтқан болатын. Сағат 4 шамасы еді. Тағы да кездесуге кетіп, жарты сағаттай сол жақта болдым. Салтанатқа келіп, оятуға тырыстым. Кешкі 6 шамасында қорылы басылған екен. Бақытжанға шығып, тамақтанып алайық дедім, - деді экс-министр.
Артынша, Бишімбаев Салтанаттың қайтыс болғанын түсінген.
Салтанатқа келсем, өңі суып кеткенін байқадым. Қорқып кеттім. Бетін ұстап көрдім, температурасы өзгергенін байқадым. Бақытжанға кері қайт дедім. Тамырын ұстап, жүрегі соқпай тұрғанын айттым. Ол да соны айтып, жедел жәрдем шақыруға жүгірді, - деді Бишімбаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін Бишімбаев өз нұсқасында Нүкенованың қалай соққы алғанын айтқан еді.
Өткен аптада өткен сотта Қуандық Бишімбавтың не үшін емшіге жүгінгені айтылды. Сотта экс-министр Салтанат Нүкеновамен қалай танысқанын және оны қасақана өлтіргенін мойындамайтынын айтты.