Бишімбаев ісі. Экс-министрдің інісі апелляцияға тапсырды

Әйелін өлтіріп, 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов апелляцияға тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жоғарғы соттың баспасөз қызметі 27 Мамыр 2024 2024, 18:32
27 Мамыр 2024 2024, 18:32
867
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Әйелін өлтіріп, 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов апелляцияға тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот кабинетінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес апелляция бүгін тапсырылған. 

Еске салсақ, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот үкімі 13 мамырда шығарылды. Оның күйеуі Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов төрт жылға сотталған болатын. 

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатқанын айтты. 

Ал Прокурор Саяхат Нұрбеков сотталған Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың қашан бостандыққа шыға алатынын айтып берді.

Бұдан бөлек бүгін қылмыс жасалған күні Қуандық Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланғаны белгілі болды.

Наверх