Бишімбаев ісі. Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды

13 Мамыр 2024, 17:19
1232
Бөлісу:
Бишімбаев ісі. Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды
Фото: Жоғарғы Сот

Іске қатысы бар Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, аудио-бейнематериалдармен, сараптамалық қорытындылармен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді, - деді судья.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Байжановтың қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 656-бабына сәйкес ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысты ескере отырып шешті.

Байжановқа – 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру (ҚК 55-бабының 2-бөлігі ескеріліп) жазасы тағайындалды, - деп нақтылады судья.

Айта кетейік, бұған дейін әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

Өзгелердің жаңалығы