Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановтың ісі бойынша алқабилерге қойылатын сұрақтар іріктелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін сот процесінде судья Айжан Құлбаева алқабилерге қойылатын нақты сұрақтарды жария етті.
Алқабилер әрбір сотталушы бойынша негізгі үш сұраққа жауап беруі тиіс. Олар:
1. іс-әрекеттiң болғаны дәлелдендi ме?
2. бұл іс-әрекеттi сотталушының жасағаны дәлелдендi ме?
3. бұл іс-әрекеттiң жасалуына сотталушы кiнәлi ме?
Сұрақтар іріктелді. Бірінші сұрақ – 2022 жылдың 16 желтоқсанынан 2023 жылдың 9 қарашасына дейін, 2023 жылдың наурыз, сәуір, қазан айларында сондай-ақ жазда болғаны дәлелденді ме? 2023 жылы Астана қаласы, Алматы қаласында жәбірленуші Нүкенованың денесінің әр жерінен және басынан үнемі ұрып-соғу арқылы физикалық азап шегу, сондай-ақ оның ар-намысы мен қадір-қасиеті қорланып, моральдық азап шекті ме?, - деді Құлбаева
Екінші сұрақ: сотталушы Бишімбаевтың бұл әрекеті дәлелденді ме?
Үшінші сұрақ: сотталушы Бишімбаев осы әрекеті кінәлі ме?
Төртінші сұрақ – жәбірленуші Нүкенова сотталушы Бишімбаевпен бірге тұрған сәттен бастап өз бетінше ақша табуды тоқтатып, оған қаржылық тәуелді жағдайға жеткені дәлелденді ме?