Бірыңғай уақыт белдеуі: Мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгере ме

20 Ақпан 2024, 13:10
56579
Бөлісу:
Бірыңғай уақыт белдеуі: Мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгере ме
Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің оқуға тигізетін әсеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оны (бірыңғай уақыт белдеуіне көшу – ред.) тиісті сарапшылар қауымдастығы мен ғалымдар тексеріп, қабылдады. Сол себепті менің ойымша, мұндай шешім қабылданса, бұл – дұрыс, - деді бас ұстаз Үкіметтің кулуарында.

Министр уақыт өзгерісі мектептердегі оқу процесіне қалай әсері етуі мүмкін екенін айтты.

Сабақтың басталуы бойынша, бұл жерде жергілікті атқарушы органға қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз, - деп айтты Бейсембаев.

Қазақстанда еліміздің барлық аумағында 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуі енгізілетінін еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы