Нұр-Сұлтан.BAQ.KZ тілшісі. Елде бірыңғай әлеуметтік кодекс әзіреленетін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған онлайн брифингте ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
Оның айтуынша, Жолдауда әлеуметтік мәселенің барлық мәселелері қамтылды. Соған орай әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы қалыптастырылатын болады.
Бүгінде Қазақстанның әлеуметтік қауіпсіздігі 17 заңмен және ондаған заң актілерімен реттеліп отыр. Алдағы уақытта елді қағазбастылықтан арылтып, әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету міндеті тұр. Осыған орай Үкімет елдің Бірыңғай әлеуметтік кодексін әзірлеуді жоспарлауда. Бұл барлық нормативтік-құқықтық базаны біріктіруге және жүйелеуге мүмкіндік береді. Әрі тұрғындар үшін де ыңғайлы бола түседі, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.Мемлекет тарапынан халыққа қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру және қызметтерді электрондық форматқа көшіру жұмысы бұдан әрі жалғасатын болады.
Мемлекет басшысы айтқандай, адамдар емес, деректер жүгіруге тиіс. Біз ел тұрғындарын осындай жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек, - деді ол.