Елімізде энергия тұтыну азайған

18 Қазан 2022, 09:41
1524
Бөлісу:
Елімізде энергия тұтыну азайған

Бұл туралы Үкімет отырысында Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта Біртұтас электр энергетикалық жүйе тұрақты жұмыс істейді. Биыл 16 қазанда экспортты ескере отырып, электр энергиясын өндіру 86,9 млрд кВтсағ жетті. Ал тұтыну  - 86,8 млрд кВтсағ Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4% - ға төмен. Тұтынудың төмендеуі көбіне цифрлық майнинг бойынша заңсыз қызметті жүзеге асырған тұлғаларды анықтауға қатысты жүргізілген жұмыстармен байланысты. Осыған орай  энергия жүйесінің өткен жылдардағы жұмыс динамикасын ескере отырып, біздің бағалауымыз бойынша, 2022-2023 күзгі-қысқы кезеңінде энергия жүйесіндегі ең жоғары жүктеме шамамен 16,1 ГВт жетеді деп күтілуде, - деді Энергетика министрі.

Ел өңірлерінде жылыту маусымы басталып, штаттық режимде өтіп жатыр. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың дайындығы  95% артқан. 

Энергия көздерінің қоймаларында 4,1 млн тонна көмір және 81 мың тонна мазут жинақталған, бұл бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын беру рәсімдері аяқталды. Нәтижесінде, энергия өндіруші ұйымдарға 95 паспорт, энергия беруші ұйымдарға 66 паспорт берілді. Жалпы министрлік жылыту маусымының, әсіресе аталған өңірлерде өту барысын тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырады, - деді Болат Ақшолақов. 

Өзгелердің жаңалығы