Біртановтың негізгі сот отырысы 2 маусымда жалғасады

26 Мамыр 2022, 17:46
1180
Бөлісу:
Біртановтың негізгі сот отырысы 2 маусымда жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ашық форматта Денсаулық сақтаудың бұрынғы министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты негізгі сот отырысы  өтті.  

Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 361-бабының 3-бөлігімен және Олжас Әбішев Қылмыстық Кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр.

Экс-министр Елжан Біртанов іс 2 жылға созылып жатқанын айтып, олар әділдікке жету жолында асықпайтынын жеткізді. 

Біз ешқайда асығып бара жатқан жоқпыз. Әділдік пен заңдылық -барлығынан жоғары,- деді Біртанов. 

Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов 2 маусымда сот отырысы жалғасатынын айтты. 

Енді біз 2 маусымда кездесеміз. Айыпталушы тарап ертеңнен бастап қылмыстық істің материалымен таныса алады, - деді ол. 

Сот отырысы 26 маусымда сағат 10:00-де басталған болатын. Арасындағы үзілістерді қосқанда сот отырысы 8 сағатқа созылды.  

Еске сала кетейік, 11 мамырда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы басталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы