Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен сот тыңдауында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Оның айтуынша, қылмыстық істе жаңа 8 том пайда болған.
Экс-министр мен оның қорғаушылары іс бойынша материалдармен танысып үлгермегендерін алға тартуда.
Істі басқа тергеу органына, атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке беру туралы өтініш айтамын, - деді Елжан Біртанов сот тыңдауында.
Бұған дейін тергеуді Прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген. Ведомствоның бұрынғы басшысы істің бұрмаланғанын, осылайша, жұртшылықты жаңылыстырғанын айтты.
Еске сала кетейік, бүгін үшінші күн қатарынан елордадағы №2 Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр.