Біртанов, Аймағамбетов, Көлгінов жүрек реанимациясы курсынан өтті

3 Желтоқсан 2019, 21:28
4682
Бөлісу:
Біртанов, Аймағамбетов, Көлгінов жүрек реанимациясы курсынан өтті
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұрсұлтан қаласы қаласының әкімі Алтай Көлгінов Америкалық кардиология қауымдастығының (АНА) базалық жүрек реанимациясы курсынан өтті.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы базасында ТМД аумағында алғаш рет Америкалық кардиология қауымдастығымен аккредитацияланған базалық және кеңейтілген жүрек реанимациясын (BLS, ACLS) оқыту бойынша халықаралық тренинг орталығы ашылды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұрсұлтан қаласы қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталықтың алғашқы курсанттары атанды. Олар алғашқы медициналық көмекті көрсетуді үйреніп, сертификатқа ие болды. 
Бұл – әлемдегі ең үздік жетекші бағдарламалардың бірі. Қазақстанда осындай тернингтер өткізу арқылы оқытылған мамандар әрі қарай басқаларға үйретіп, Қазақстан халқының ұзақ өмір сүруіне көмектесетініне сенімдіміз. Себебі кадиологиялық, жүрек-қан тамырлары аурулары, жүректің кенет тоқтап қалуы Қазақстанда кең таралған. Сол себепті біз адамдарға қалай дұрыс интервенция жасауды, қалай жедел әрі нәтижелі жүрек реанимациясын жасауды үйретуіміз керек. Қазақстан азаматтары, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері мұндай оқыту АҚШ, Канада секілді әлемдегі басқа елдердегідей жоғары сапада өтетінін түсінуі қажет.  Оқыту алдыңғы қатарлы ғылыми деректерге негізделген, - деді Қазақстандағы Америкалық кардиология қауымдастығының халықаралық оқыту орталығының жетекшісі Кевин Фрейк.   
жур1.jpg

 Ол денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығында ең үздік қолжетімді курстарды өткізгісі келетінін және мұны Америкалық кардиология қауымдастығы ұсынатынын жеткізді. 
Осы жерге денсаулық сақтау министрі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі үш-төрт сағат оқуға уақыт тауып келіп отыр. Сіздерді де алғашқы көмек көрсетуді үйренуге шақырамыз. Зардап шеккен адамның орнында сіздің жақыныңыз болуы мүмкін. Сол себепті әрбіріңізді курстан өтуге шақырамыз, - деді ол. 
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша ел аумағында Халықаралық тренинг орталығын құру шұғыл медицина, төтенше жағдай қызметі және ҚР Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің базалық және кеңейтілген реанимациясын көрсетуді үздіксіз және сапалы оқытудың сенімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Америкалық кардиология қауымдастығы – кардиология саласында медициналық зерттеулермен, кардиологиялық аурулардан туындаған мүгедектік пен өлім-жітімді төмендету мақсатында тиісті медициналық көмекке ықпал ететін салауатты өмір салты туралы білім беру жобаларымен айналысатын АҚШ-тағы коммерциялық емес ұйым. 

жур2.jpg

Халықаралық тренинг орталығы Қазақстан Республикасы халқының қан айналымы жүйесі ауруларынан, оның ішінде емдеуге дейінгі кезеңде өлім-жітімін азайту мақсатында ашылған. Осы орталықты АНА-ның бірыңғай стандарттарына сәйкес медицина қызметкерлерін, сондай-ақ республика халқын базалық реанимация (BLS) көрсетуге үйрету мақсатында құрылды. 

2019 жылы 30 қарашада ашылған халықаралық тренинг орталығының ТМД аумағында баламасы жоқ: оқыту процесі америкалық кардиология қауымдастығының әдістемелеріне және ресми материалдарына негізделеді. Тренинг орталығында инструкторлар оқудан өтіп, жаттықтырушылық қызмет үшін Ассоциация сертификаттады.



Өзгелердің жаңалығы