Бірқатар өңірде толассыз жауын жауады

26 наурызда еліміздің басым бөлігінде толассыз жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

 BAQ.KZ - архив 25 Наурыз 2025 2025, 22:25
25 Наурыз 2025 2025, 22:25
2660
Фото: BAQ.KZ - архив

26 наурызда еліміздің басым бөлігінде толассыз жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бірқатар өңір батыс антициклонының ықпалында болады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне қарай еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, – делінген ертеңгі ауа райы болжамында.

Сондай-ақ тұман күтіліп, батыста, оңтүстікте, шығыста жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Наверх