Бірқатар өңірде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды – Қазгидромет

23 Сәуір 2023, 00:46
899
Бөлісу:
Бірқатар өңірде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды – Қазгидромет
Фото: baq.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 23 сәуірге арналған ауа райы болжамы мен қолайсыз ауа райына байланысты ескертулерді ұсынды. Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қара теңіз жақтан ойысқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсерінен республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша желдің күшеюі байқалады, еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, шығыста тұман болады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус аяз болады деп болжанады.

Қазақстан аумағы бойынша 23 сәуірге арналған дауылды ескерту:

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады. Облыстың орталығындағы шаңды дауылдың екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының шығысы мен оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен батыстан жел соғады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысында күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан соққан жел батысқа қарай ойысып, бағыты өзгереді. Мұндағы соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, оңтүстіктен солтүстік-батысқа қарай бағытын өзгерткен желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз бағыты оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Астанада оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, таңертең және түстен кейінгі екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында тура осындай ауа райы құбылысы сақталады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік жел соғады, ал күндіз облыстың барлық аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, кей тұста оның екпіні 23 м/с дейін жетеді. Қарағанды қаласында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстіктен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады. Жезқазған қаласында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың батысында түнде 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстіктен жел соғады деп күтіледі, ал күндіз өңірдің басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Сондай-ақ, Петропавлда күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстіктен жел соғады деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанай қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысында Алакөл ауданында шығыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі, түнде облыстың орталығында 3 градусқа дейін сынап бағаны төмендеп, суық болады. Талдықорған қаласында түнде ауа температурасы 3-5 градус суық болады.

Түнде Алматы облысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел оңтүстік-батысқа бағытын өзгертеді.

Семей қаласы бойынша 22 сәуір сағат 21:00-ден 23 сәуір 09:00-ге дейін күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы ескерту жарияланды.

22 сәуір сағат 21:00-ден 23 сәуір сағат 09:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы ескерту жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы