Бірнеше облыста ауа райына байланысты республикалық жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 2 ақпанда республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.
Қарағанды облысы
2026 жылғы 2 ақпан сағат 20:30-дан бастап:
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 592–750 км аралығы
(Балқаш қаласы – Жамбыл облысының шекарасы)
Жамбыл облысы
2026 жылғы 2 ақпан сағат 20:30-дан бастап:
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 2005–2152 км аралығы
(Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы)
Қызылорда облысы
2026 жылғы 2 ақпан сағат 22:00-ден бастап:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1474–1806 км аралығы
(Әйтеке би кенті – Қызылорда қаласы)
Барлық көрсетілген жол учаскелерінде қозғалысты 2026 жылғы 3 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерге сапарды жоспарлау кезінде жол жағдайын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес беріледі.