Бірнеше қалада ауа ластанады

17 Ақпан 2025, 05:21
240
Бөлісу:
Бірнеше қалада ауа ластанады
Фото: BAQ.KZ - архив

17 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Cиноптиктердің болжамына сүйенсек, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

  • Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
  • Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Өзгелердің жаңалығы