Бірнеше өңірде республикалық жолдар жабылды

Бүгiн, 00:32
349
Бөлісу:
Бірнеше өңірде республикалық жолдар жабылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Бірнеше өңірде күн райына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

30 қаңтарда сағат 00:00-де Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 778-967 шақырым аралығындағы учаскеде (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - деп атап өтті компаниядан.

Сондай-ақ бұған дейін бірнеше республикалық автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Абай облысы:

  • "Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 778-967 шақырым аралығындағы учаскеде (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Қарағанды облысы:

  • "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығындағы учаскеде (Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ұлытау облысы:

  • "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті-Павлодар" автожолының 433-788 шақырым аралығындағы учаскеде (Жезқазған қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 30 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы