Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бірнеше өңірде қуаңшылық болуы мүмкін – Қазгидромет

28 Шілде 2022, 20:10
1524
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамызда еліміздің бірнеше өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін. Қазгидромет осындай болжам жасап отыр.

Құрғақшылық деңгейі әсіресе солтүстік-батыс, оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақтарында жоғары болмақ. 

Атап айтқанда, Қызылорда облысындағы Қармақшы мен Маңғыстау облысының Маңғыстау аудандарында, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Мұғалжар аудандары мен Қарағандыдағы Нұра, Қостанайдағы Жангелді, Амангелді аудандарында да жауын-шашын көлемі күрт азаяды.

Өзгелердің жаңалығы