Бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Кеше, 22:52
167
Бөлісу:
Бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ -архив

2 ақпанда Астанада, Алматыда, Шымкентте және еліміздің 16 өңірінде ауа райы байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оралда да аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Қонаевта түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Алматыда да түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, күндіз облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын жүріп, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда да, Шымкентте де түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Ақмола облысында түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда көктайғақ болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қызылордада тұман түседі.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағандыда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Астанада түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) түседі деп болжанады. Жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ұлытау облысының шығысында аздап қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Жезқазғанда да тұман түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (қар, жаңбыр) түседі, көктайғақ, тұман болады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз де аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысында қар жауып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, күндіз көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы