Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

20 Мамыр 2024, 22:50
327
Бөлісу:
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

21 мамырда еліміздің 15 өңірінде және Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында, күңдіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының шығысында, орталығында, күңдіз оңтүстік жартысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 21 мамырда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік- батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы