Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

21 Қараша 2023, 02:32
431
Бөлісу:
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

Еліміздің 12 облысында 21 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Қызылорда облысының орталығында, батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, күндіз өңір орталығында 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында 23-28 м/с құрайды деп болжанады. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батыс бөлігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Маңғыстау облысының батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында 23-28 м/с болады деп күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түркістанда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кейде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығысан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы