Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

5 Шілде 2022, 21:11
1228
Бөлісу:
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде дауылда ескерту жариялады.

6 шілдеде түнде Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен, жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың  солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Петропавлда  шілдеде жаңбыр, түнде қатты жаңбырнайзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде,орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледіЖел оңтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстігінде,  батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. 

Абай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Семейде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледіЖел оңтүстік-батыстан,  батыстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. 

Өскемен қаласында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. 

Ұлытау облысының батысында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады 

Жезқазған қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында найзағай күтіледі. 

Өзгелердің жаңалығы