29 желтоқсанда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман болады. Қонаевта да түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде күндіз қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында күннің соңына қарай қар, боран және көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Жезқазғанда күннің соңына қарай қар, боран, көктайғақ және тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында көктайғақ пен тұман болады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде аздап қар жауып, төменгі боран мен көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың таулы асуларында екпіні 15–20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман мен көктайғақ болады. Атырау қаласында да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, төменгі боран мен көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с. Қостанай қаласында қар мен төменгі боран болады.
Ақтөбе облысында түнде қар, боран және көктайғақ күтіледі, облыстың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты қар жауады. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар, төменгі боран мен көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен батысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–18 м/с. Ақтөбе қаласында көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с.
Жетісу облысының батысында, шығысында, орталығында және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күндіз қар, төменгі боран мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Петропавлда күндіз қар мен төменгі боран болады, жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Абай облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 м/с, күндіз Жарма ауданында 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с. Таразда кей уақытта тұман күтіледі, жел оңтүстік-шығыстан соғып, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.