Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде тұман түсіп, қар жауып, боран соғады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таразда көктайғақ, тұман болады.
Талдықорғанда көктайғақ болады деп күтіліп отыр.
Түркістан облысында тұман, екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Қонаев, қаласында Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында көктайғақ, жел күтіледі.
Алматы, Атырау, Қызылорда қалаларында, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай, Қарағанды қалаларында, Қарағанды, Қостанай облыстарында жаңбыр, қар жауып, бұрқасын соғып, жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында (Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында +5+7°С дейін, Сырым және Қаратөбі аудандарында +7+9°С дейін, Орал, Тасқала, Теректі, Ақжайық және Бәйтерек ауданында +8+10°С дейін) қардың жылдам еруі, өзендерде еріген су деңгейінің көтерілуі, наурыз айында су деңгейінің көтерілуі күтіледі.