Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

5 Қараша 2024, 07:49
440
Бөлісу:
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

5 қарашада күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с

Манғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 05 қарашада түнде тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с .

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады екпіні 15-20 м/с сақталады. Павлодар қ.: 05 қарашада түнде көктайғақ, тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с.

Шымкент қаласында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.

5 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы