Бірнеше өңірде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды

6 Қараша 2024, 22:49
461
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі бірнеше республикалық автожолда қозғалысқа уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы таратқан ақпаратқа сәйкес,  18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына;

18:00-де Түркістан облысында республикалық маңызы бар А-2 “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына;

19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;

19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолының 377-440 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;

19:00-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Самара-Шымкент” автожолының 965-1153 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

19:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз” автожолының 259-389 шақырым аралығында (Шалқар қаласынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

20:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Көкшетау-Атбасар” автожолының 47-184 шақырым аралығында (Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. Жолды 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

21:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Астана-Петропавл” автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. Жолды 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы