Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

3 Наурыз 2024, 22:17
2417
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

Астана мен 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, 4 наурыз күні Астана мен Павлодар облысында жаяу бұрқасын болып, секундына 15 метр жылдамдықпен екпінді жел соғады.

Түркістан облысында тұман түсіп, жаңбыр жауады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.

Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түседі.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Еске салайық, ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болатынын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы