Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
"Қазгидромет " мәліметінше, Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болжанады.
Ақтөбе облысының түнде орталығында, күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды.
Атырау облысында батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шымкентте күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай жарқылдайды.
Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. 4 -5 шілдеде солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.