Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кеше, 23:20
334
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

21 ақпанда Астанада және еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Атырау облысында қар, облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қалың қар жауады, бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында кей жерлерде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі.

Ақтөбе облысында қар, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Маңғыстау облысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Астанада кей уақыттарда тұман түседі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз кей уақыттарда 23-28 метрге жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы