Бірнеше өңірде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

25 Маусым 2024, 23:50
310
Бөлісу:
Бірнеше өңірде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

Елімізде аптап ыстыққа байланысты бірнеше өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күңдіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында 35 градус, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз Жетісу облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, найзағай күтіледі. 26 маусымда күндіз, 27 маусымда тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 26-27 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстік жартысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы