Бірнеше облыстың республикалық маңызы бар жолдарында шектеу қойылды

21 Желтоқсан 2023, 16:06
508
Бөлісу:
Бірнеше облыстың республикалық маңызы бар жолдарында шектеу қойылды
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдарының 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жетісу облысы – 1 учаске 

1. «Ұшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.; 

Автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысты шектеу енгізілді (боран, нашар көрініс) 

Ақмола облысы -1 учаске 

1. «Екатеринбург - Алматы» 1292-1353 км. Жібек жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін-61 км.; 

Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді (боран, нашар көрініс, көктайғақ) 

Қарағанды облысында -1 учаске 

1. «Екатеринбург - Алматы».1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасынан – Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.

 Жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді (боран, нашар көрініс, көктайғақ) 

Айта кетейік, қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 703 техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы