19 желтоқсанда сағат 06:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлімдеді.
Ақтөбе облысы:
- Самара-Шымкент автожолының 526-702 шақырым аралығының учаскесі (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).
- Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы" автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі ("Экоойл" жанармай стансасы - РФ шекарасы);
- Самара-Шымкент" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
- Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы автожолының 12-250 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қ.-Қарауылгелді а.).
Батыс Қазақстан облысы:
- Самара-Шымкент автожолының 272-526 шақырым аралығының учаскесі (Барбастау ауылынан БҚО шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
- "Самара-Шымкент" автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.