Бірнеше облыста жол жабылды

22 Қаңтар 2024, 02:23
983
Бөлісу:
Бірнеше облыста жол жабылды
Фото: Архив BAQ.KZ

3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Автожолдардың жабылуына күн райының нашарлауы себеп болып отыр.

Атап айтқанда:

Атырау облысында - 1 учаске:

1. "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 616-833 км, Атырау қ.-Жұмекен а.

Жетісу облысында - 1 учаске:

 1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. - 100 км. (боран, шетеулі көрініс).

Батыс Қазақстан облысында - 3 учаске:

 1. "Атырау-Орал" 375-492 км, Чапаев к. - Орал қ.-117 км. 2. "Чапаев-Жалпақтал-Қазталов" 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к.-213 км. 3. «Атырау-Орал» 189-371 км, Атырау обл шек.-Чапаев к. – 182 км. (жел, боран, шектеулі көрініс, нөлден төмен температурадағы жаңбыр).

Өзгелердің жаңалығы