Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бірнеше облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Бүгiн, 21:49
177
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскелерінде жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, Ақтөбе облысында 17 желтоқсан сағат 21:00-де «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-526 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) жабылды.

Ал Батыс Қазақстан облысында осы автожолдың 526-702 шақырым аралығы (облыс шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктер үшін шектелді.

Сонымен қатар, Атырау облысында 17 желтоқсан сағат 21:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Атырау – Орал – РФ шекарасы» автожолының 178–189 шақырым аралығы (Индер ауылынан Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көлік қозғалысы үшін уақытша жабылды.

Барлық учаскелерде жол қозғалысын ертең, 18 желтоқсан күні сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жол мамандары көлік жүргізушілерінен ауа райының қолайсыздығын ескеріп, алыс сапарларды кейінге қалдыруды және тиісті қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы