20 наурызға қараған түні еліміздің бірнеше облысында газ баллонымен байланысты өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында гараж боксында тұрған жүк көлігі, трактор және бокстың шатыры жанды. Жалпы ауданы 19 шаршы метрді құрайды. Қызылорда қаласында Өндіріс көшесі бойында жеке тұрғын үйдің ауласында 3×4 метрлік қаңылтыр сарай мен көлік кабинасы өртенді. Өрт кезінде сарайдан қауіпсіз жерге 2 дана 27 литрлік газ баллоны шығарылды. Сонымен қатар, жақын жерде ауданы 10×15 метр құрғақ шөп өртеніп, Жалғасбаев көшесі бойында ауданы 4×3 метр темір сарай өртенді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.
Өрт орнында шамамен 8 адам және 2 ТЖД техникасы жұмылдырылды.Өрт толықтай сөндірілді.
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында жеке тұрғын үйде 70 шаршы метр алаңда өрт болып, кейіннен көлемі 27 литр болатын 2 тұрмыстық газ баллон жарылды. ТЖД келгенге дейін жергілікті тұрғындар үйдің 2 тұрғынын құтқарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт сағат толығымен жойылды.
Алматы облысында, Еңбекшіқазақ ауданында, Қаратұрық ауылында жеке тұрғын үй мен уақытша құрылысы 107 шаршы метр алаңда жанды. Өрт кезінде тұрғын үйден ТЖД күшімен қауіпсіз жерге көлемі 25 және 27 литр болатын 2 газ баллондары шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі анықталуда.
Өрт толығымен жойылды.
Оқиға орнында жеке құрамнан 5 адам және 2 ТЖД техникасы жұмылдырылды.