Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

5 Маусым 2020, 17:35
1515
Бөлісу:
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 5 маусымның түнінде Қарағанды облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі, деп ескертеді.

Қарағанды облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Қарағанды қаласында да жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында да топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Түнде 5 маусымда Ақмола облысында кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы облысының солтүстік-шығыста түнде 6-7 маусымда топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Түнде 5 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

5 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршак, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Өскемен қаласында 5 маусымда найзағай, бұршак күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семей қаласында 5 маусымда найзағай, бұршак күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 6-7 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы облысында кей жерлерде найзағай, күндіз батыстан солтүстік-шығысқа соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде жерлерде 38 градус қатты ыстық, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында да 05 маусымда күннің екінші жартысында найзағай, кешке солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі.

5 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын жел найзағай кезінде күші, 15-20 м/с, оңтүстікте қатты ыстық 35 градус.

5 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қаласында күндіз солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

5 маусымда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.  5 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-100 %

Өзгелердің жаңалығы