Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

15 Ақпан 2020, 15:45
1061
Бөлісу:
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет таратқан мәліметке сай бірнеше облыста кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ, бұрқасын болады.

16 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Ертең түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетпек. 

16 ақпанда Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. 

16 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.



Өзгелердің жаңалығы