Бірнеше облыста автожолдар ашылды

Бүгiн, 10:25
143
Бөлісу:
Бірнеше облыста автожолдар ашылды
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл туралы "Қазавтожолдың" Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік қозғалысын ашу туралы 

2025 жылғы 04 ақпанда сағат 08:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы ашылды:

Алматы облысы: - "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-ҚХР шекарасы" автожолының 59-143 шақырым аралығы (Жаңақұрылыс ауылы-Жамбыл облысы шекарасы); 

Жамбыл облысы: - "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-ҚХР шекарасы" (ескі Қордай асуының айналма жолы) автожолының 143-214 шақырым аралығы (Алматы облысы шекарасы-Қордай ауылы); 

Ақмола облысы: - "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы-Павлодар облысы шекарасы); 

Павлодар облысы: - "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы-Шідерті ауылы); 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
 

Өзгелердің жаңалығы