Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

<h4>Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 23 ақпан күні&nbsp;ауа райына байланысты дабылды ескерту жасады.</h4>

 22 Ақпан 2019 2019, 14:57
22 Ақпан 2019 2019, 14:57
1877

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 23 ақпан күні ауа райына байланысты дабылды ескерту жасады.

23 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 23 ақпанда жаяу бұрқасын болады, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Наверх