"Бірнеше мәселе бар". Асхат Аймағамбетов Премьер-министрге сауал жолдады

27 Маусым 2023, 11:15
707
Бөлісу:
"Бірнеше мәселе бар". Асхат Аймағамбетов Премьер-министрге сауал жолдады
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әділ Қазақстанның саяси жүйесінің негізгі формуласы – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» деп айқындап, Президенттік реформалар аясында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгін Мәжіліс депутаттары жаңа жағдайда жұмыс атқарып келеді. Заң жобалары Қоғамдық палата алаңында, азаматтық қоғам өкілдері, ғалымдар мен сарапшылармен бірге жан-жақты талқыланып жатыр, - деді депутат.

Аймағамбетов атап өткендей, қазірдің өзінде қоғамдық бақылау, активтерді қайтару және басқада маңызды заңдар қабылданды. Мұның бәрі депутаттық корпус пен Үкіметтен бірлескен және үйлесімді жұмысын талап етеді.

Асхат Аймағамбетов бірінші сессияда бірнеше мәселе барын байқағанын айтты. Ол әр мәселеге жеке тоқталып өтті.

Конституция бойынша депутаттардың заң шығару бастамасы құқығы бар. Жаңа шақырылымның ерекшелігі – ең маңызды мәселелер бойынша депутаттардың бастамашыл заң жобаларын белсенді әзірлеуі. Заңнамаға сәйкес олар Үкіметтің қорытындысына жіберілуі керек. Алайда, мұнда біз мемлекеттік органдардың әлсіз, тиімсіз жұмысын көріп отырмыз, - деді депутат.

Оның айтуынша, депутаттар ғылым және ғылыми-технологиялық саясат бойынша заң жобаларын әзірледі.

Президенттің тапсырмасы да бар екенін білесіздер Үкімет осы заңды маусым айының соңына дейін енгізулері керек еді. Алайда үлгермеді. Ал депутаттар болса, өздері бастамашылық етіп бұл заң жобасын дайындады. Бұған қоса білім, мәдениет және т.б. туралы заң жобаларырын да депутаттардың өздері әзірленді. Бірақ, мәселе мынада, мемлекеттік органдар заң жобаларын әзірлеу олардың ғана құзыреті деп санайды. Біз әзірлеген заң жобаларына салғырт қарайды, - дейді Аймағамбетов.

Екінші мәселе - Үкімет қорытындыларының қажеттілігі туралы. 

Жұмыс топтарында талқылау барысында мемлекеттік органдар барлық норманы Үкіметтің қорытындысына жіберуді талап етеді. Аймағамбетовтің сөзінше, Конституцияның 61-бабы 6-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары ғана Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде енгізілетіндігін атап өткен жөн. Сондықтан Үкіметтің қорытындысына тек шығынды талап естетін нормалар ғана жіберілуі қажет. Жалпы осындай тәжірибені болдырмас үшін Үкімет регламентіне тиісті түзетулер енгізу қажет деп санаймын, - дейді мәжілісмен.

Үшінші мәселе - депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындысын қарау мерзімдері. Депутаттардың түзетулеріне Үкіметтің қорытындылары Парламент Мәжілісіне 4-5 айдан кейін келіп түседі.

Біздің ойымызша, Үкіметтің қорытындыларын келісу рәсімін қайта қарау, олардың өтуін қиындататын кедергілерді жою және заң жобасына қорытынды дайындаудың толық мерзімін – 1 айдан аспайтын мерзімге жасау қажет. Төртінші. Үкімет нормасының нақты ұсынылатын редакциясын енгізбей, жай ғана депутаттардың түзетулеріне теріс қорытынды жасау практикасын тоқтату қажет деп санаймын. Бұған қоса осы қорытындылардың тұрақты болуын қамтамасыз ектен жөн. Өйткені бір мәселе бойынша бірнеше позиция келетін жағдайлар аз емес, - дейді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Өзгелердің жаңалығы