Бірнеше өңірде балабақшалар жұмысын тоқтатты

26 Наурыз 2020, 17:52
1327
Бөлісу:
Бірнеше өңірде балабақшалар жұмысын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балабақшаға бармаған балалардың орны сақталады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирі арқылы өткен онлайн брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарында балабақшалар жұмысын тоқтатты. Қалған өңірлерде балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеуде. Алайда ата-аналардың балаларын балабақшаға өз еркімен апаруға мүмкіндігі бар. Балабақшаға бармаған балалардың орны сақталады, - деді министр.
Дәурен Абаевтың айтуынша, қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс жасайтын балабақшаларға тек 67 мың бала келуде. Бұл көрсеткіш 11 пайызды құрайды.
Бұл жерде білім басқармаларының басшыларына айтарымыз, жалпы балабақшаларда мүмкіндігінше аз бала жиналған кезекші топтар жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет, - деді Дәурен Абаев.

Өзгелердің жаңалығы