Бірнеше депутаттың өкілеттігі тоқтатылды

2 Қыркүйек 2020, 11:16
3457
Бөлісу:
Бірнеше депутаттың өкілеттігі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында үш депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

Пленарлық отырыс барысында депутаттар Нұрлан Әбдіров, Нұрлан Дулатбеков пен Айзада Құрманованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімге дауыс берді. 

Нұрлан Дулатбеков академик А.Бөкетов атындағы Қарағанды универсиетінің ректоры қызметіне тағайындалған болатын. Ал Нұрлан Әдбіров болса 1 қыркүйектен бастап ҚР Праламент Сенаты төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Айзада Құрманова Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқаратын болады. 

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экс-депутаттарға жылы лебініз білдіріп, Алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, депутаттық корпус атынан алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. 

Осыған дейін Парламент Мәжілісінің отырысында Қанат Мусин Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті төрағасы болып сайланғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы