Бірлігіміз ажырамасын – еврей мәдени орталығының төрайымы

19 Сәуір 2019, 20:45
3175
Бөлісу:
Бірлігіміз ажырамасын – еврей мәдени орталығының төрайымы

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы жұмысын бастады. Елдегі татулық пен бірліктің артуына Ассамблеяның септігі мол. Ал, дәстүрлі түрде өтетін Ассамблеяның сессиясына қатысатын ақтөбелік делегаттар саны да жыл санап артып келеді.

Ақтөбе облысындағы 18 этномәдени орталықтардың бірі – «Шалом» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі. Орталық өкілдері де Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына қатысуға дайын. «Елордада өзекті мәселелер көтеріліп, жақсы дүниелер айтылады» деген «Шалом» еврей мәдени орталығының төрайымы Полина Савицкая ұлттар арасындағы татулықтың нығая түскенін қалайды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына екінші рет қатысқалы отырмын. Өте қатты қобалжып жүрмін. Елбасымен кездесуге барамын ғой. Ең алғаш сессияға барғанымда керемет сезімде болдым. Таңқалысымды жасыра алмадым. Маған барлығы ұнады. Бұл сессиядан да жаңа дүниелер күтемін. Елбасымыз құрған Ассамблеяның одан әрі дамығанын, бізге тіреу болғанын қалаймын. Себебі, көп ұлтты халықтың басын біріктіру, бірлікте ұстау қиын жағдай. Ассамблеямыздың да мақсаты осы ғой. Елбасы құрған мұндай Ассамблея ешқандай елде жоқ. Бірлікте болғанымыздың өзі бақыт», - деді Полина Савицкая.

Ақтөбелік Полина Савицкая басқаратын орталықтың қазір 600 мүшесі бар. Дегенмен, дені – қариялар мен балалар.

«Қазақстан халқының бірлігі күнін ерекше жақсы көремін. Бір елдің халқы татулықта өмір сүруі керек. Қазір орталыққа 600-ге жуық адам мүше. Түрлі мерекелерді бірге өткізеді. Қала тұрғындарын да арнайы мерекелерге шақырып тұрамыз», - деді «Шалом» еврей мәдени орталығының төрайымы.

Өзгелердің жаңалығы