Бірінші сынып оқушыларының 70 пайызы қазақ тілінде оқиды

15 Тамыз 2023, 14:46
1558
Бөлісу:
Бірінші сынып оқушыларының 70 пайызы қазақ тілінде оқиды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Биыл мектепке алғаш баратын оқушылардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде білім алуды таңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа 2023-2024 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады, оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады. Балалардың 68,2 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған. 

Айта кетерлігі, Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынып жатыр. 

Бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылар әсіресе, Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастайды, - делінген таратылған ақпаратта.

Еске салайық, 2021 жылы балалардың 64 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.

Өзгелердің жаңалығы